Акция өтті


Тарихқа әділ баға бермей, болашағымызды бағдарлай алмаймыз. Көне тарихымыздың көмбесін аршып, уақыт тозаңымен тұмшаланған ұлттық құндылықтарымызды, ата-бабаларымыздың асыл мұраларын болашақ ұрпаққа жеткізу, таныстыру, сол арқылы жастардың жүрегіне өзінің тарихына, Отанына, ұлтына деген сезімдерін ұялату- басты міндетіміз.
Осы орайда, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі « Павлодар облысының тарихын білесің бе?» атты акия өткізді.
Акция «Батыр молл» сауда ойын-сауық орталығы, «Достық» сауда орталығы, «Ярмарка» (Артур) базарында, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма тетары мен А.Чехов атындағы драма театырларының саябағында, Астана, Дерибасов, Малайсары батыр көшелері мен аулаларында, теміржол вокзалы мен сапаржай, өзен порты алаңдарында өткізілді.
Акцияның барлық қатысушыларына Қимақ қағанатының тарихы мен Ертіс өңірінің әдебиет, өнер және қоғам қайраткерлерінің ірі өкілдері туралы қысқаша ақпарат беріліп, түрлі-түсті буклеттер таратылды.