Сіз біздің сайтқа кіргеніңізге өте қуаныштымын!

 

Еліміздің Тәуелсіздігінің қалыптасуымен қатар Павлодар Ертіс өңірінің мәдени тарихының мол мұрасы дамыды. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі алғаш рет келушілерге есігін 1992 жылы 22 наурызда ашты, ал ҚР Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 ақпандағы №119 қаулысымен музейге аты аңызға айналған философ, ақын Бұқар жырау Қалқаманұлының есімі берілді. Ғимарат 1897 жылғы ағаштан  ою-өрнектеліп салынған.

 

Музей ғылыми-зерттеу, ағартушылық және білім беру қызметіне өз үлесін қосып, сол арқылы өңірдің өнер, әдебиет және мәдениет тарихын кеңінен насихаттайды. 1992 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі 30 жылға жуық тарихында музей қоры 4 мыңнан 55 мың 483 жәдішермен толықтырылды. Музей қоры қазақ халқының ұлытұлғаларының бай мұрасын сақтайды. Олардың арасында Әміре Қашаубаевтың дауысы жазылған күйтабақ, Әлкей Марғұлан, Рамазан Тоқтаров, Дихан Әбілев, Нелли Ваккер қолжазбалары, Естайдың 23 әнінің түпнұсқалары (Борис Ерзаковичтің жазбалары) және тағы басқалары бар.

 

Мұражайдың ғылыми-зерттеу қызметінің практикалық нәтижесі дәрістік-тақырыптық іс-шараларды өткізу болып табылады, оған дәрістер-экскурсиялар, еске алу кештері,  концерттер,  конференциялар, баспасөз конференциялары кіреді.

 

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз