Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен Жазушылар Одағының филиалы
ақын Қабдікәрім Ыдырысов атындағы «Ұлы даланың перзенттері» атты балаларға арналған облыстық шығармалар конкурсын жариялайды.

І. Конкурстың мақсаты

1. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2022 жыл – балалар жылы» деп жариялау аясында және «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы Қазақстандық авторлардың шығармаларын дамыту, қолдау және насихаттау;
2. Өз шығармаларында қазақстандық қоғамды рухани жаңғырту мен дамыту үрдістерін бейнелеп, қазақстандықтардың заманауи дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін балаларға арналған шығармаларды жазатын жазушыларды, ақындарды анықтау және оларға қолдау көрсету;
3. Ұлттық балалар әдебиетінің дамуына үлес қосып, прозалық және жыр жанрында қалам тербеткен қаламгерлердің әдеби шығармашылығын қолдау, шығармашылық дамуына мүмкіндік беру;
4. Өскелең ұрпақтың дүниетанымын, рухани білімін дамыту.

ІІ. Конкурс шарты

Конкурсқа қатысатын қаламгерлердің жас шамасына шектеу қойылмайды. Әрбір жазушы балаларға арналған 1 беттен аспайтын 3 (үш) шағын әңгіме, ал ақындар балаларға арналған 5-6 шумақтан аспайтын 4 өлең (тақпақ) тапсыруы қажет.

ІІІ. Конкурстың өткізілу тәртібі

Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Берілген үлгі негізінде конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім.
2. Конкурста тапсырылатын туындының компьютерде терілген және электрондық нұсқасы.
3. Қатысушының 3*4 форматындағы фотосуреті.
4. Қысқаша өмірбаяны.
5. Жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша ұсынылмаған құжаттар қабылданбайды.

Өтінімді міндетті түрде  ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 16 маусымына дейін: Павлодар қаласы, Әлкей Марғұлан көшесі, 97, тел: 32-32-88  мекен жайы бойынша орналасқан облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне тапсыру керек. Құжаттардың эл.формасын Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. атты почтаға жіберулеріңізді сұраймыз.

ІV. Жеңімпаздарды марапаттау

Жүлделі орындарға ие болған конкурсқа қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

V. Шығармаларды жазуға қойылатын талаптар:

1. Жұмыс баспа және электрондық түрде қабылданады. Ұсынылған өлең (тақпақ) 5-6 шумақтан аспауы, шағын әңгіме 1 компьютерлік беттен аспауы (14-ші қаріп, 1,5 кегль, қаріп түрі «Times New Roman») және байқау жарияланған мерзімге дейін ешқайда жарияланбаған шығарма болуы шарт:  Титул парағында автор туралы мына мәліметтер болуы тиіс: Т.А.Ә., жасы, байланыс телефондары, шығармаларының атауы. Ғаламтор жүйесінен алынған материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
2. Қазылар алқасының байқауына жіберілген конкурстық жұмыстар қайтарылмайды және оларға пікір жазылмайды. Автор осы шарттарды бұзған жағдайда, конкурс ұйымдастырушылары жұмысты қарап, бағаламауға құқылы.
3. Шығармашылық жұмысты бағалау өлшемдері: конкурстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, ұсынылған жұмыстың өзектілігі, обьективтілігі, жаңашылдығы, дәйектілігі, стилі, мазмұндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі.

«2022 жыл – балалар жылы» аясында  және «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтетін ақын Қабдікәрім Ыдырысов атындағы «Ұлы даланың перзенттері» атты облыстық балаларға арналған шығармалар конкурсына қатысу үшін

ӨТІНІМ

Қатысушының
(аты –жөні, тегі)___________________________________________________
                                                                  (толық)

Туған жылы_______________________________________________________

Мекен –жайы______________________________________________________

Ұялы телефоны___________________________________________________

Шығармаларының атауы:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өтінімді тапсырған күні: «       » _______________ 2022 жыл.