Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі 1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылығы 17 ақпанындағы №119 Қауылысы бойынша музейге ұлы философ, ақын Бұқар жыраудың есімі берілді.

 

Теңдесі жоқ және республикадағы бірегей музей 1897 жылғы айшықты оюлармен көмкерілген мейлінше көрікті ағаш үйде орналасқан. Өңіріміздің әдебиеті мен өнерін насихаттау мен сақтау, жинақтауда музей ауқымды жұмыстар атқаруда. 29 жыл ішінде, музей қоры 1992 жылы 4 мыңнан бүгінгі күні 55 мың 483 жәдігерге ұлғайды.

 

Халық ауыз әдебиеті залы

 

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қорғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол – көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, біоге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да – халық.

Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педогигикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдибиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиес