«Қазақтың біртума талант иесі Тоқбай Жұмағұлов жастайынан өнерге жақын болып,  ауыл аралап ән салып елге танылған.  Оның даңқы іргелес елдерге де жетіп, Ресейдің Барнауыл, Новосібір, Батыс сібір мен Алтай өлкелерін аралап домбырамен қатар орыстың балалайкасында да қазақтың халық әндерін шебер орындап тыңдаушыларды ән мен күйге бөлейді. Әншінің өнері Монғолия елінде де шарықтап қазақ әндерін тамылжыта шырқайды. Бүгінде Тоқбай Жұмағұловтың балалайкасы музей қорында сақтаулы. Оны 1992 жылы музей қызметкері Айтжан Бәделханұлы Алматыдағы әншінің туыстарынан қабылдап  музейге тапсырған.»