11.06.21.
 

Әйгілі әнші-домбрашы Байғабыл Жылқыбайұлының 125 жылдығына орай «Бұлбұл үнді Байғабыл» атты көрме ашылды.

 

Ұлттық тарихымыздың бір саласы-өнер екені белгілі. Халық арасынан нендей бір өнерпаз, дарынды адамдар шықан. Солардың әр қайсысы өзі өскен ортасында қадірлі де құрметті. Сондай ауыл арасынан шықан дарын иесінің бірі әнші-домбырашы, ақын, актер, палуан Байғабыл Жылқыбайұлы.

 

Байғабыл Жылқыбайұлы Ақсу ауданына қарасты «Құркөл» ауылында 1896 жылы дүниеге келген. Байғабылдың әкесі Жылқыбай-ақсақалда өз заманында тамаша домбырашы болған өнерпаз. Жылқыбайдың Шайқы, Әбілке, Нұрке, Байғабыл есімді балаларының бәрі шетінен домбырашы, әнші болған.

 

1904 жылы Жылқыбай ақсақал отбасымен Павлодар қаласына қоныс аударады. Бұл кезде Байғабыл 8 жаста болған. Қалаға келгенде ежелгі таныс досы Уәли Шамсутдинов қуанышпен қарсы алып төрінен орын береді. Осылайша ол бір-аз уақыт Уәлидің үйінде тұрады. Сол кезде атақты әнші-музыкант, композитор Майра он төрт жаста екен. Байғабылдың гармон тартып, домбыра шертіп, ән айтудағы өнерін шындаған алғашқы ұстазы Майра болыпты. Бұл жөнінде Байғабыл: «Менің өнер жолымдаға тұңғыш ұстазым Майра» деп үнемі есіне алып жүрген. Байғабыл Жылқыбайұлы өзінің ұстазы, Майра Уәлиқызының әндерін қаймағын бұзбай құйқұлжыта, құбылта, асқақтата шырқаған.

 

Композитор ретінде бірнеше әндер жазып қалдырған. Ол ақындар С.Дөнентаев, С.Торайғыровтың ауыл өмірінен алнған өлеңдеріне әндер жазып, өзі орындаған. Сондай әндерінің бірі С.Дөнентаевтің сөзіне жазылған «Жігіт ақсың қандайсың» әні өзінің орындауында қазақ радиосының алтын қорында сақталған.

 

Сонымен қатар атақты халық композиторлары, ақындары Естайдың, Құдайбергенің, Ысқақбайдың, жұмабайдың, Исаның, Жарылғапбердінің, Біржанның, Ақанның тағыда басқаларының әндерін ерекше нақышына келтіріп орындаған.

 

Сондай жалпақ ақындықпен айналыспасада ара-тұра өлеңдер шығарған.

 

Әнші-домбырашы, актер, композитор, ақын ғана емес, палуан да болған. Ол 1920 жылы Павлодар қаласында Қызыл ағаш болысының атақты палуаны Балғабай есімді адаммен күресіп, тең түседі. Осыдан кейін Керку уезіндегі белгілі палуандарының бірі болған.

 

Ал актерлығына келсек 1936 жылы Үкімет шешімімен Семей обылысының Бесқарағай ауданында колхоз-совхоз театры ұйымдастырылады. Ел ішінде өнерімен аты шыққан Байғабыл Жылқыбайұлы осы театрға шақырылып, әртістік қызмет атқарады. Театр сахынасында М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан» Ғ.Мүсіреповтың «Қыз жібек», Б.Майлинің «Шұға» сынды басқада спектакльдер қойылды. Осындай қойлымдарда ол көрнекті рөлдерде ойнап, театр өнерінің де дамуына өзіндік үлесін қосқан. Спектаклдердің арасында елдерге шығып жеке концерттерде қойған.

 

1977 жылға дейін Май ауданы Қызыл-Құрама совхозының Бозша деген ауылында тұрып, дүниеден өтті.

 

Көрмеде әр жылдары түсірілген фотосуреттері, өмірімен шығармашылығы жайында жазылған мақалалар мен өзі ұстап, шерткен домбрасы қойылды.