?МӘДЕНИ ШАРА КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРҒА САЙ ӨТКІЗІЛДІ.

?Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде өңір әдебиетінің жаршысы «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жарыққа шыққанына 10 жыл толуына орай "Тәуелсіздік кемесінде" атты көрменің ашылуы өтті.
?️Көрмеге  журналдың  негізін қалаушы, белді де беделді, ардагер  ағаларымыз жазушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Ғ.Жұматовтың, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын А.Қани және "Найзатас" журналының бас редакторы Асыл Әбіштің, редакция ұжымының жеке заттары, журнал жөнінде сыр шертер құнды жәдігерлер қойылды.