Павлодар қаласы 45-ші сәбилер бақшасында Павлодар каласының балабақша педагогтарының арасында, қоғам қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, әдебиет зерттеушісі, ақын, педагог-лингвист Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Дауірдің жарық жұлдызы" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға 45, 17, 93 балабақшаларының педагогтары катысты. Байқаудың мақсаты МДУ-ның педагогикалық қызметінде А.Байтұрсынов және баска да қазақ авторларының еңбегін кеңінен насихаттау. Қатысушылар байқауда өз білімдерін ортаға салып, өнерлерін көрсетті.