«15 қазан  Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде атақты әнші, халық композиторы, ақын Жаяу Мұса Байжанұлының жиеншары, журналист Гүлбаршын Дурманованың «Тектілік феномені» атты кітабының тұсаукесері өтті.  Гүлбаршын Дүрмановаға арналған «Өнегелі өмір» атты көрме қойылып, өзінің жеке мұрағатынан алынған естелік фотосуреттері мен жеке заттары ұсынылды.Шараға Гүлбаршын Дүрманованың туған сіңлісі Ануза Орханқызы, інілері Темірхан мен ұл- қыздары қатысты. Мәдени шарада  халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Араман Қани, ақын Ғабит Сапаров сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісіті.»