«Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасы» ММ.

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй, байланыс телефоны: 61-63-51 Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды.

Павлодар облысы мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттігін көтеру, зерттеу, ағарту, жинақтау, сақтау, экспозициялық көрме жұмыстарын іске асыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау ісіне ықпал ету; облыс ақын-жазушыларының, мәдениет және өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі материалдарды сақтау, зерттеу және насихаттау; облыстың мәдениет саласының Отандық өнімге қажеттіліктің өсуін ыңталандыру, тарихи-мәдени мұраға еркін қол жетерлікті қамтамасыз ету кәсіпорынның қызметі мәні мен мақсаты болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары немесе (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық ғылым, юриспруденция, экономика, экология және кәсіптік, мәдениет мекемелерінің басқару лауазымда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бюджеттік кодексі», «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени объектілерін қорғау және пайдалану», «Мемлекеттік сатып алу туралы» «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың мәдениет және өнер мәселелері бойынша актілері, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасымен өртке қарсы қорғау жөніндегі ереже, экономика және қаржы негіздерін білуі міндетті түрде.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар, оны конкурс жариялаған Павлодар облысы мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін онбес күнтізбелік күні ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
  2. Мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме.
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян.
  4. Білімі туралы құжаттар, еңбек кітапшасы (бар болса) немесе еңбек шарты не болмаса белгіленген тәртіпке куәландырылған соңғы жұмыс орнына жұмысқа қабылдануы және жұмыстан босатылуы туралы бұйрық көшірмелері.
  5. Денсаулық жағдайы туралы белгілі нысандағы анықтама.

Конкурсқа  қатысушы білімі, жұмыс өтілі, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атаққа ие болуы, ғылыми мақалалары, сонымен қатар, алдындағы жұмыс орны басшысынан ұсыныс туралы құжаттар көшірмелерін және тағы басқа) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы басылымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәтінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не жіберілуі керек.