Ербол Мәтіұлы еңбек жолын ауыл мектебінің оқытушысы болып бастаған, Тегістік мектебінде директордың орынбасары, мектеп директоры, кейін Тереңкөл аудандық «Заря» газетінде тілші және редакторының орынбасары қызметін атқарды.

2007 жылдан бастап Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде әдебиет бөлімінің әдіскері, бөлім меңгерушісі болды. Музей жұмысын жақсы және толық меңгерген, бірегей экспонаттарды жинаумен белсенді айналысуының арқасында музейдің негізгі қорын айтарлықтай толықтырды. Өңірдің әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша жоғары кәсіби деңгейде тақырыптық дәрістер әзірлеп, мәдени-бұқаралық шаралар өткізіп, музейдің жетекші іс-шараларының сценарийлерін, театрландырылған қойылымдарды әзірлейді. Шығармашылық интеллигенцияны тарта отырып, бірқатар қызықты жобаларды жоғары деңгейде атқарды.

Ербол Кайыров аймақтық «Қаламгер» байқауының жеңімпазы атанды, ол «Ғайып ғұмыр», «Сағым жылдар», «Ой, сезім», «Сарыарқаның дүлділі», «Ертіс толқыны», «Балдырған», «Сыр сандық» кітаптарының авторы. Оның мақалалары «Қазақтың билері», «Қазақтың батырлары» атты республикалық кітаптар сериясына енген.

Көп жылғы адал еңбегі үшін облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталған.

«Рухани Қазына-2020» фестивалі аясында «Облыстық маңызы бар үздік мемлекеттік музей қызмкеткері» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазы, ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалімен марапатталған (2020ж.).