Тарихқа әділ баға бермей, болашағымызды бағдарлай алмаймыз. Көне тарихымыздың көмбесін аршып, уақыт тозаңымен тұмшаланған ұлттық құндылықтарымызды, ата-бабаларымыздың асыл мұраларын болашақ ұрпаққа жеткізу, таныстыру, сол арқылы жастардың жүрегіне өзінің тарихына, Отанына, ұлтына деген сезімдерін ұялату- басты міндетіміз.

 

Осы орайда, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі «Павлодар облысының тарихын білесің бе?» атты акия өткізді.

 

Акция ак.Қ.Сәтпаев, М.Лермонтов көшелері мен Н.Назарбаев даңғылында өткізілді. Акцияның барлық қатысушыларына Қимақ қағанатының тарихы мен Ертіс өңірінің әдебиет, өнер және қоғам қайраткерлерінің ірі өкілдері туралы қысқаша ақпарат беріліп, түрлі-түсті буклет-флаерлер таратылды.