Қазақ халқының біртуар қайраткері һәм көрнекті қаламгері – Қошмұхамбет Кемеңгерұлының ұрпағы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті – Қайырбек Кемеңгер музейге отбасымен бірге келді.

«Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне келу ұзақ уақыт бойы ойымда болған. Міне, сәті түсіп  бүгін  балаларыммен бабамыздың мұрасы сақталып отырған музейге келгеніме қуаныштымын», - деді Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы.

Қайырбек Кемеңгер музей қорына «Әлихан әлемі» атты кітабын қолтаңбасымен сыйлады.