Көрме. Музейімізде «Ата Заң – елдің айдыны» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай көрме өтті.
Өткен тарихмызда елдігімізді берік сақтайтын тұғыры биік заңдарымыз қабылданып отырған. Жеті жарғы – Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасады. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шешіп отырды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды.
Дөнгелек үстел. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Конституция күніне орай дөңгелек үстел өтті. Шараға «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркеғали Жанғазы қатысып, «Әлем елдеріндегі Конституцияға өзгерістер енгізу» тақырыбында баяндама жасады.
Мерекелік кеш. «Ата Заң – елдің айдыны» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай өткізілген онлайн мерекелік шара өткізілді.