«Қазақ халқының маңдайына біткен дарабоз ақын, халқының данышпандылығын, дарындылығын, фәлсәфасын бойына сіңіріп, халқымен бірге жасасып, кең байтақ қазақ даласына жыр туын тіккен ойшыл ғұлама, хакім, қазақтың жазба әдебиетінің бастауы Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған «Ақыл ойдың темір қазығы» атты театрландырылған әдеби кеш өтті.
Абай қазақ ой –санасының ХІХ ғасырдағы ең биік шыңы. Абай бас ақын, өйткені көркемдіктен, ойшылдықтан, ел қамын айту деңгейінен оған жетер ешкім жоқ. Жас Абайдың халқының сүйікті ұлы ретінде танылуы жолында әкесі Құнанбайдың сіңірген еңбегі орасан.
Кеш барысында Абайдың әндерін республикалық байқаудың жеңімпазы Дәуренбек Сләмғали орындады.
"Абай деген – мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек» деген ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов Абайды әлем деңгейіне көтеріп, Абайды танытты. Ақынның қалдырған ән –жырлары, өлеңдері, қара сөздері – мұралары атадан балаға мирас болып, ғасырдан ғасырға жалғасуда, жалғасада бермек».