Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында музейде "Өнер" залы ашылды.
Музей - тарих таңбасы, елдігімізді танытатын рухани орда. Музей-ғасырлар мәдениеті мен өнері, білімі мен ұлылар есімдерінің тоғысқан салтанат мекені.
«Өнер» залында даласы дастан, таулары тарих Ертіс Павлодар өңіріндегі айбыны асқақ өнер қайраткерлер, елімізге әйгілі әнші композитор Жаяу Мұса, Естай, Майра, Құдайберген Әлсейітов, өнер қайраткерлері Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Тоқбай Жұмағұлов, Шахан Мусин сынды асылдарымыздың жеке заттары мен музыкалық аспаптары қойылды.
Ұлттық рухымызды қайта жаңғыртып жатқан бүгінгі тұста, бабадан қалған төл өнерімізді, құндылықтарымызды кеңірек насихаттау, дәріптеу әр қазақтың ұлт алдындағы міндеті.