Бүгін музейімізде басқа шаралардан ерекше форматта "Квест экскурсия" атты еркін кеш ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты биылғы "Волонтерлар" жылына орай өңіріміздегі ерікті жастармен бірлесе отырып облысымыздағы мәдени шараладың ауқымын кеңейтіп, бірлесіп тың бастамаларды ұйымдастыру. Жалпы еріктілермен қолға алған бұл бастама негізгі үш бағыттан тұрады. 1- Мобильді поэзия жобасын қолға алу. 2- Ерікті экскурсоводтарды жасақтап шығару. 3- Еріктілерді музей қорына жәдігер жинауға жұмылдыру. Шара барысында қазақ поэзиясы қорынан өлеңдер оқылып, әсем әндер шырқалып, ұтқырлық ойындар ойналып, қонақтарға сыйлықтар табысталды. Кештің ерекшелігі әр түрлі пішіндегі 3D голограммалар көрермен қауымға ұсынылды. Барлық қонақтарға алғысымызды білдіреміз!

gallery/img-20200117-wa0260

"КВЕСТ ЭКСКУРСИЯ"

gallery/img-20200117-wa0021
gallery/img-20200117-wa0024
gallery/img-20200117-wa0261
gallery/img-20200117-wa0264
gallery/img-20200117-wa0286
gallery/img-20200117-wa0028
gallery/img-20200117-wa0293